USD
USD
USD

Алматының бюджеті кірістер мен шығыстарды ұлғайту бағытында қайта қаралады

Алматының бюджеті кірістер мен шығыстарды ұлғайту бағытында қайта қаралады.

Алматының бюджеті кірістер мен шығыстарды ұлғайту бағытында қайта қаралады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған мынадай мөлшерде бекітілсін: 1) кірістер – 1 375 896 498 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 1 175 406 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 13 737 171 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 45 891 826 мың теңге; трансферттердің түсімдері – 140 834 355 мың теңге; 2) шығындар – 1 501 349 104 мың теңге», — делінген мәслихат шешімінің жобасында.

Қазіргі уақытта бюджетке кірістер 1 339 172 121 мың теңге, шығыстар 1 475 507 810 мың теңге болып белгіленген. 

Бюджетке түзетулер жобасы мынадай параметрлерді қамтиды:

- таза бюджеттік кредиттеу – 21 356 733 мың;

- қаржы активтерімен операциялар бойынша – 68 534 660 мың теңге, оның ішінде қаржы активтерін сатып алу – 68 984 660 мың теңге;

- бюджет тапшылығы (профициті) – 215 370 999 мың теңге;

- бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 215 370 999 мың теңге;

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 17 594 214 мың теңге сомасында шығыстар;

- 21 497 369 мың теңге сомасында қорғаныс шығыстары;

- 40 719 227 мың теңге сомасында қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, пенитенциарлық қызметті қамтамасыз ету бойынша шығыстар;

- білім беруге шығыстар 444 505 127,9 мың теңге;

- денсаулық сақтау шығындары 37 543 664,1 мың теңге;

- 57 639 715 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға шығыстар;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа шығыстар 274 382 830,7 мың теңге сомасында;

- мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке шығыстар 64 083 887 мың сомасында;

- отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға 18 577 347 мың теңге сомасында шығыстар;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары бойынша шығыстар 12 477 636 мың теңге сомасында;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне шығыстар 13 389 664 мың теңге сомасында;

- көлік және байланыс шығындары 212 867 752 мың теңге сомасында;

- 69 039 410 мың теңге сомасында басқа да шығыстар. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары