USD
USD
USD

Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулыны жариялады

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулыны жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге "жасыл" мәртебесі бар және вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етілген.

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналы және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70 пайызы қашықтан жұмысқа көшеді.

24 қаңтардан бастап мынадай оқу форматы енгізіледі:

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта;

Жалпы білім беретін мектептерде ("қызыл" аймақ):

  • 1-4 бастауыш сыныптар - штаттық форматта;
  • 600 оқушыға дейін - штаттық форматта
  • 600-ден аса оқушы болса - жүктеме 50 пайыздан аспайды;
  • Мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім беру ұйымдарында, түзету кабинеттерінде - штаттық форматта;

Жоғары оқу орындары мен колледждерде - аралас форматта - тәжірибелік, зертханалық, семинарлар, өндірістік тәжірибе штаттық форматта, дәрістер - онлайн.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алған оқушылар штаттық режимде оқиды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті