Алматының Алмалы ауданында инвестициялар 52,8%-ға өсті
Алмалы ауданында инвестициялар 52,8%-ға өсті, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.
Алматы, NEGE. Жыл басынан бері Алмалы ауданында экономикалық көрсеткіштердің жақсы өсу динамикасы байқалады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.
«Осы жылдың І-ші тоқсанында инвестициялар 52,8%-ға өсті. 25,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 49 млрд. теңгеге жуықтады. Салық түсімдері 41%-ға өсіп, 258 млрд. теңгеге жетті», - деді қала басшысы.
Сонымен қатар, Алмалы ауданында балаларға арналған жаңа орталықтар ашылады.
Тастақ шағын ауданында «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының екінші филиалы ашылды.
Клуб аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін қосымша білім алуға көмектеседі. Оларды зейнеткер мұғалімдер оқытады.
Абай-Масанчидегі бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратының тарихи келбетін сақтап, реконструкциялау жалғасып жатыр. Мұнда заманауи «Балаларды оңалтудың қалалық орталығы» ашылады. Бұл жұмыс 2024 жылдың IV тоқсанында аяқталады.
Бұған қоса, әкімдік жыл соңына дейін тағы екі жобаны әзірлейді: Әйтеке би көшесіндегеі ревматологиялық орталықтың ескі ғимаратының орнына 500 келушіге арналған жаңа емхана салу және Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығын салу жобасы. Бұл нысандардың құрылысы келесі жылдың көктемінде басталады.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті