Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматының әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы келді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасына Нәзира Тоғызбаева басшы болып тағайындалды.

Алматының әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нәзира Тоғызбаева Қызылорда қаласында туған. Қызылорда политехникалық институтын «экономика және басқару» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасын бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты. 1999-2003 жылдары Қызылорда облысының әкімдігінде жұмыс істеген, жетекші маманнан бөлім басшысына дейінгі еңбек жолдарынан өткен. Сондай-ақ әр жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс жасаған.

Алматы қаласының әкімдігінде 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның хатшысы қызметтерін атқарған. Осы тағайындауға дейін Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды. Тұрмыста, балалары бар.

Қазір оқып жатыр

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

.

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева