USD
USD
USD

Алматының 15 аумағын су басуы мүмкін

Бұл учаскелерде құтқарушылар жұмыс істеді.    

Алматының 15 аумағын су басуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматының 15 аумағында су басу қаупі туындап, құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

«18 наурызда таңертең «112» желісіне  су басу бойынша 15 қоңырау келіп түскен. Барлық аумақта аудандық әкімдіктердің құрылымдары мен ТЖД бөлімдері жұмыс істеуде», деді ТЖД.

Су басуға негізгі себеп: арықтар мен құбырларды тұрмыстық қалдық толып алған. Алатау ауданында – 4, Жетісу ауданында – 5, Алмалы ауданында -2, қалған аудандарда бір жағдайдан тіркелген.

Құтқарушылардың хабарлауынша наурыз айының басынан бері Алматыға 87 мм жауын түскен. Қалыпты норма 76 мм болғандықтан, жауын көлемі нормадан жоғары.

Ал қауіпті болуы мүмкін тау көлдерінде қазір қар мен мұз құрсауында жатқандықтан еш қауіп жоқ. Алайда тиісті органдар қарды түсіру, бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері