USD
USD
USD

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Алмас Жанбыршының айтуынша, қаланың тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттарды салуға рұқсат берер кезде мамандар тектоникалық жарықтарды ескеріп, энергия үнемдейтін және инновациялық технологиялар қолданылатын жобаларға басымдық береді.

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. 2022 жылдан бері Алматының Абай – Әл-Фараби – Яссауи – Шығыс айналма автожолы аралығындағы аумақта тоғыз қабаттан және 35 метрден биік тұрғын үйлер салуға шектеу қойылған. Бұл аумақта тек қоғамдық маңызы мен жобалық шешімдерінің орнықтылығы негізделген көпфункционалды ғимараттар салуға рұқсат берілуі мүмкін.

«Бұл ретте Сәулет-қала құрылысы кеңесі нысанның қоғамдық маңыздылығын өз бетінше айқындамауы және уәкілетті органның міндетін алмастырмауы керек. Оның міндеті – ұсынылған материалдарды колористика мен қолданыстағы құрылыс нысандарын ескере отырып қарау және тиісті сәулет-қала құрылысы бағасын беру. Ал қоғамдық маңыздылықты айқындаудың нақты тәртібі мен критерийлер тізіміне келсек, құрылыс саласындағы нормативтік қағидаларды басшылыққа алу қажет», – деді басқарма басшысы.

Ол сәулет-жоспарлау тапсырмасын алған кезде құрылыс салушы ең алдымен басқармаға жүгінетінін айтты. Эскизді келісу кезінде мемлекеттік орган нысанның қалалық ортаға үйлесуі үшін оның айналасындағы құрылыс нысандарын ескеруді талап етеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер