USD
USD
USD

Алматының орталығында заңсыз салынған ғимарат бұзылып жатыр

Қала құрылысын бақылау басқармасы Құрманғазы көшесі, 103 мекенжайында орналасқан нысанның бұзылып жатқанын хабарлады.

Заңсыз құрылыс
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) нысанды тиісті рұқсат құжатсыз салғаны анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

2024 жылы 23 қыркүйекте басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу жөнінде талап-арыз түсірді. Сот талапты қанағаттандырды. 2025 жылы 20 сәуірде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот шешімін орындау мақсатында нысан иесі ғимаратты өзі бұза бастады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек