USD
USD
USD

Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

 Алмасхан Ахмеджанов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алматыны дамытуға қатысты іс бойынша кінәлі деп танылды.

Алматының Наурызбай аудандық сотында Алматы қаласының бұрынғы бас сәулетшісі және қала құрылысы басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджановқа, Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Ардақ Самамбетовке және басқа да айыпталушыларға қатысты үкім жарияланды.

Сот Ахмеджанов пен Самамбетовті сыбайлас жемқорлық және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айыптар бойынша кінәлі деп тапты. Сот Самамбетовті 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, 2023 жылдың 19 шілдесінде Антикор Алматыда жер қатынастары саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Ахмеджановтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек