USD
USD
USD

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда жүр

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің Жапонияда жүргені белгілі болды. Ол сакураның гүлдеген сәтін тамашалауға келген. 

Бауыржан Байбек
Фото: instagram.com/bakordamems

Алматы, NEGE. Мұны bakordamems Instagram парақшасы жариялаған суреттерден көруге болады. 

«Алматының бұрынғы әкімі Байбек қазір Жапонияда жүр. Сакураның гүлдеген сәтін көруге келіпті. Сіздерді хабардар етіп отырамын», – делінген жазбада. 

Жазбаға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр. Бірі Бауыржан Байбектің Жапонияда тұрып жатқанына 1 жылдан асқанын жазған. 

Бауыржан Байбек 2015–2019 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. 

Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстаннан кетіп қалған Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің бұған дейін Германияда, Дубайда жүргені туралы ақпарат БАҚ беттерінде жарияланды. 

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты істі қарады. Қыдырғали Байбекке ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айып тағылған.

Сот Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке тиісті лицензиясыз кәсіпкерлікпен немесе өзге қызметпен айналысқаны үшін кінәлі деп тауып, 51 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Байбектің әйелі  Жанар Байбек судья қызметінен босатылды. 

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ҰБТ

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Жол жөндеу

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

блогер соты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

.