USD
USD
USD

Алматының Бас жоспары түзетіліп жатыр

Алматыда жекелеген құрылыстарға енгізілген мораторийді ескере отырып, Бас жоспар түзетілуде.

Алматы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматының 2040 жылға дейінгі жаңартылған Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

Негізгі міндет – жасыл аймақтарды кеңейту, тауға жақын аумақтарды құрылыстан қорғау және экологиялық тұрғыдан теңгерімді қала ортасын қалыптастыру.

Сонымен қатар жеке инвесторлар жүзеге асырып жатқан жаңа қонақүй жобалары қаралды. Қазіргі уақытта қаладағы қонақүйлердің жүктемесі 95%-ға жеткен, ал 54 жаңа жоба іске асырылу кезеңінде.

«Сапалы инфрақұрылымсыз туристік ағынның тұрақты өсімін қамтамасыз ету қиын. Сондықтан бұл бағытта егжей-тегжейлі жұмыс жүргіземіз», – деді Дархан Сатыбалды.

Мақсат – Алматыны тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы, жасыл әрі тартымды қалаға айналдыру.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors