USD
USD
USD

Алматыны цифрландыруға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Алматыда 2025 жылы цифрлық жобаларды дамытуға 16,3 млрд теңге бөлінбек. Бұл жоспар 2025–2027 жылдарға арналған бюджет жобасына енгізілген және ол қалалық мәслихаттың сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Камера сергек
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қаражаттың басым бөлігі 6 мың бейнебақылау камералары мен «Сергек» АБК жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге жұмсалады. Бұл камералар жол-көлік оқиғаларын 17%-ға, ал апаттан қаза болғандар санын 40%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

«Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» аясындағы камералардың саны 70 мыңға дейін жеткізілмек.

Қазіргі уақытта 616 мемлекеттік және 240 жеке нысанда 45,2 мың камера жұмыс істеп тұр.

2025 жылы коммуналдық қызмет үшін жаңа бейнеаналитика енгізіледі. Бұл жүйе қоқыс тастау аймақтарын анықтау, контейнерлердің толуын бақылау және көшелердегі су тасқыны деңгейін қадағалау сияқты міндеттерді шешуге септігін тигізеді. Қаржының бір бөлігі Алматының Ахуалдық орталығын дамытуға бағытталады.

Бұл орталық қала белсенділігін нақты уақыт режимінде бақылап, талдауға жол ашады.

Қазір оқып жатыр

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

депорация

Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Танакөз Толқынқызы

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы