USD
USD
USD

Алматыны дамыту мәселесі Президент деңгейінде қарастырылуы тиіс – саясаттанушы

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Алматы қаласын дамыту және оны жемқорлықтан қорғау мәселелерін Мемлекет басшысы деңгейінде қарастыруды ұсынды.

Алматы
Фото: egemen.kz

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, Алматыда тау кластеріне қатысты дау-дамай басылмай жатып, жаңа даулы мәселелер туындаған.

Бұл ретте Әшімбаев Тимирязев көшесіндегі қозғалысты қайта ұйымдастыруды, арықтарды бетонмен жауып тастау туралы шешімді, ғимараттардың қасбеттерін жаңарту кезінде күмәнді технологияларды қолдану және Жароков көшесіндегі қозғалыс жолақтарын қысқарту жөніндегі шешімдерді атап өтеді.

Сондай-ақ Алматының жеке тұрғын үй секторын жаңғырту жоспары, оның ішінде қаладағы тарихи аудандардың бірі саналатын «Компотты» сүріп тастау туралы шешімді де саясаттанушы қисынсыз деп санайды.

«Жақында ғана "Таза Қазақстан" бағдарламасы ұлттық жаңғырудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде жарияланып, азаматтардың тұрғын үйіне қол сұқпаушылық жаңа Конституцияда бекітілген еді. Алайда бүгінде әлдекімдердің коммерциялық немесе сыбайлас жемқорлық мүдделері басымдыққа ие болып отырғандай», – деп жазды Данияр Әшімбаев желідегі жеке парақшасында.

Саясаттанушы Алматыны дамыту жоспарына Президенттің өзі араласуы керек деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.