15 Қаңтар 14:17
...

«Алматыметроқұрылысқа» көз тігіп отырған кім?

Фото:

Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында «Алматыметроқұрылыс» АҚ басшысы Қайрат Рейімовке қатысты жүргізіліп жатқан қудалау ісіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

Бизнесмен Рейімовтің қорғаушысы Сәлімжан Мусиннің айтуынша, «ДК-Инвестмент» ЖШС мен «Инженерлік қолдау» Құрылыс компаниясы» арасында 2014 жылы келісім-шарт болған. Келісім бойынша, «Инженерлік қолдау» компаниясы өзіне тиесілі «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 39% акциясын 1,6 млрд теңгеге бағалап, «ДК-Инвестментке» сатуға міндеттенген. Бағалы қағаздарды сату және сатып алу шартына сәйкес, сатушы компания сатып алушы компанияға 39% акцияны қабылдап алу жөнінде бірнеше өтініш жолдаған. «ДК-Инвестмент» ЖШС өзі алуы тиіс акция туралы бұйрықты Бағалы қағаздар тіркеушісіне жіберу уақытын созып, өз баланысына мерзімінде қабылдамай қойған. Басында 39% болып басталған компанияның құнды қағазы кейін келе шағымданушы тараптың талабы бойынша 80%-ға өсіп, «ДК-Инвестмент» ЖШС-ның басшысы бизнесмен Дінмұхаммед Ыдырысовтың арызы бойынша 2019 жылдың 2 мамырында бизнесмен Қайрат Рейімовтің үстінен іс қозғап, уақытша қамауға алынған. Қорғаушы келтірген осы деректерді айғақтайтын барлық құжаттар мен хаттардың көшірмелері бизнесмен Д.Ыдырысовта да, осы істі жүргізген тергеуші Т.Қалиевте де бар көрінеді.

«Оның үстіне, 2019 жылдың 30 қыркүйегінде қозғалған қылмыстық істе Дінмұхаммед Ыдырысов өз арызында компанияның 80% акциясын ғана талап етіп отырғанына қарамастан, қалалық Полиция департаменті «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 100% акциясын бұғаттап тастады. Осылайша құқық қорғау органдары Д.Ыдырысовтың мүддесін қолдау арқылы «ДК-Инвестментке» 39% акцияны заңды түрде тапсыруға жасанды бөгет жасап отыр», – дейді Рейімовтің қорғаушысы.

Қорғаушы Мусиннің айтуы бойынша, «Алматыметроқұрылыс» АҚ бизнесмен Д.Ыдырысовтың алдындағы 1,5 млрд теңге қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсаны күні толықтай өтеген. Алайда, Д.Ыдырысов «Инженерлік қолдау» Құрылыс компаниясы» ЖШС-дан «Алматыметроқұрылыстың» 39% акциясын да, 1,5 млрд теңгені де талап етіп отырған жоқ, ешбір құжатпен расталмаған негіз бойынша «Алматыметроқұрылыс» компаниясының 80% акциясын даулап, құқық қорғау органдары арқылы компанияның 100% акциясын алғысы келіп отырған көрінеді. 

Тегтер: