Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Алматыметроқұрылыс» АҚ басшысы ұсталды

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов ұсталды. Реимовтың адвокаты Әлімжан Оралбай мұны дүйсенбі күні түс ауа хабарлаған. Алайда бұл ақпарат тек екі күннен кейін ғана жария болып отыр.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ басшысы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні Қайрат Реимов Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, өзіне қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанын және үстінен қылмыстық қудалау жөнінде тапсырыс түскенін мәлімдеген. Бірінші қылмыстық іс – «Bank RBK» АҚ мен Реимовтың иелігіндегі MAG корпорациясының арасындағы қарызға қатысты. Реимовтың пікірінше бұл іс қылмыстық өндірісте емес, азаматтық негізде қаралуы тиіс.

Екінші қылмыстық іс – «ДК-Инвестмент» ЖШС (иесі – Дінмұхамед Ыдырысов) мен «Инженерная поддержка» компаниясының арасындағы дау. «Инженерная поддержка» компаниясының иесі де – Қайрат Реимов.

Баспасөз мәслихатында метро құрылысшылары қылмыстық қудалаудың салдарынан жаңадан ашылуы тиіс «Сарыарқа» және «Достық» стансаларының жұмысы тоқтап қалуы мүмкін екенін ескерткен.     

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov