Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кәсіп ашу үшін мемлекеттен 555 мың теңге грант беріледі

Алматыда жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін ашу үшін 700-ден астам адам 555 мың теңге көлемінде грант алды. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Кәсіп ашу үшін мемлекеттен 555 мың теңге грант беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, «Бастау Бизнес» курсынан өткен 706 адам қаржылай грантқа ие болған, ол адамдар қазір өз кәсіптерін ашып, жұмыс істеуде.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға, жеке бизнес ашуға немесе қолданыста кәсіпті кеңейтуге 555мың теңгеге дейін гранттар қарастырылған. Бүгінгі күні 706 адам 392,3 млн теңгеге грант алды. Осы жобаға қатысам деушілер жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады»,– деді Данияр Әлкебайұлы.

Сонымен қатар, ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы» бойынша 103,9 млрд теңгеге 216 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылатынын айтты.

«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Барлығы 26 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарда. Бүгінгі таңда аталған жоба аясында 14,3 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 12 мың адам жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тойда «уағыз» айтқан Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды

тойдағы уағыз

Ұлттық сараптама орталығы бірдей қызметке әртүрлі баға ұсынған

заңбұзушылық

Қазақстанға Иран жақтан аптап ыстықтың кезекті толқыны келе жатыр

ауа райы болжамы

Қостанайда қызылша жұқтырғандар саны 17 есеге жуық өсті

Қыщылша