2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматылықтарға көшеде жүруге рұқсат етілді

Алматы қаласының полиция департаменті қала ішіндегі бекеттердің алып тасталғанын және енді тұрғындарға қалада жүруге рұқсат берілгенін айтты. 

Алматылықтарға көшеде жүруге рұқсат етілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қала аумағында енді жүре беруге болады, ол адам базада тіркелмеген болса да, көшеде жүруге рұқсат бар. Алайда гигиена ережелері мен коронавирус инфекциясынан қорғану ережелерін сақтауды ұмытпау керек", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мұның алдында Алматыда қала ішіндегі бекеттердің алып тасталғаны айтылған еді. "Алматы қалалық полиция департаменті карантин режимінің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысанның жұмысы қайта қалпына келуіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылғанын хабарлайды. Қазір патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған. Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады", - делінген еді ПД таратқан хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур