USD
USD
USD

Алматылықтарға коронавирус вакцинациясы қалай салынады?

Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында Алматыда КВИ вакцинация қалай өтетінін айтты.

Алматылықтарға коронавирус вакцинациясы қалай салынады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Вакциналау тұмау ауруынан вакцинация сияқты жүргізіледі. Ол үшін барлық емханалық мекемелер әзірленді. Вакцинатор медбикелер оқытылды. Алайда тағы бір рет қауіпсіз иммунизация бойынша тестілеуден өтеді. Бұл жұмысқа терапевтер де тартылатын болады. Қазір тізім жасап жатырмыз. Бірінші кезекте дәрігерлер, ұстаздар, полиция қызметкерлері вакцинациядан өтеді. Оның ішінде кей адамдарға салынбауы мүмкін. Мысалы аллергиясы бар, денсаулығы нашар, жүкті әйелдерге екпе салынбайды», - деді Бекшин.

Оның айтуынша, қазір Алматыда тоңазытқыштар дайын.

«Қалада вакцина сақталатын тоңазытқыштар жеткілікті. Бұл жұмысты Алматыдағы мемлекеттік емханалар түгел, кейбір жекеменшік емханалар атқаратын болады», - деді Бекшин.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян