USD
USD
USD

Алматылықтарға 3 кеңес

Алматы қаласының тұрғындарына бірқатар кеңес айтылды.

Алматылықтарға 3 кеңес
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедьяров тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. Ол алматылықтарға маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға кеңес берді. Сонымен қатар, ЖРВИ белгілері пайда болған кезде бірден тіркелген емханаға жүгіну керектігін еске салды.

Біріншіден, маска режимін қатаң сақтаңыз. Екіншіден, егер адам өзін жайсыз сезініп, емханаға бару мүмкіндігі болмаса, қазір учаскелік дәрігермен қашықтан байланысу мүмкіндігі бар. Үшіншіден, дәрі-дәрмекті өздігіңізбен тағайындау, әлеуметтік желілерден, таныстардан және тағы басқа жерлерден алған ұсыныстарды қолдану ұсынылмайды. Өйткені өзін-өзі емдеу жағдайды қиындата түседі, тек дәрігердің тағайындауы арқылы ғана. Оның үстіне, қазір дәрігерге бару және рецепт жазғызып алу мүмкіндігі жеңілдеді. Сондықтан бәрінен әлеуметтік қашықтықты сақтауды, республиканың және Алматы қаласының бас санитар дәрігерлері бекіткен санитарлық нормаларға бей-жай қарамауды сұраймыз», – деп атап өтті ол.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль

Астанада тәркіленген зәулім коттедж бос тұр: оны кімге береді?

sauda.e-qazyna.kz

Шетелдік әйел Қонаевта өзіне топтық зорлық жасалғанын мәлімдеді: күдіктілер ұсталды

әйел