USD
USD
USD

Алматылықтарға 583 мың теңге грант берілді

Алматыда жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін ашу үшін 757 адам 583 мың теңге көлемінде грант алды. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы Назира Тоғызбаева айтты.

Алматылықтарға 583 мың теңге грант берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онлайн брифинг барысында басқарма басшысы қала тұрғындарына жаңа мамандықтарды үйрету жүріп жатқанын жеткізді.

«Қысқа мерзімді курстар біліктілігін жоғалтқан немесе мамандығын өзгерткісі келетіндерге арналған. Алматының 34 оқу орнында 41 мамандық бойынша 1 мыңнан астам адам оқиды», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол еңбек нарығында жас түлектердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен екенін атап өтті. Сондықтан қалада жастарға қажетті жұмыс дағдыларын алуға және жұмысқа бейімделуге көмектесуге бағытталған бірінші жұмыс жобасы іске қосылды. Жоба аясында еңбекке 116 адам тартылды.

«Осы жылы 757 алматылық 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грантқа ие болды. Яғни өз бизнесін жүзеге асыруға 583 мың теңге алды. Кәсіпкер болғысы келетіндер негізінен тігін, аспаз, маникюр, шаштараз және басқа да қызметтер бойынша жеке істерін аша алады»,- дейді Назира Тоғызбаева.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков