USD
USD
USD

Алматылықтарға 1,2 миллион беріледі: Оны қалай алуға болады?

Алматыда бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталды. Грантқа 29 жасқа дейінгі жастар мен халықтың әлеуметтік әлжуаз тобының өкілдері үміткер бола алады.

Алматылықтарға 1,2 миллион беріледі: Оны қалай алуға болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, грант сомасы – 400 АЕК немесе 1 225 200 теңге.

Гранттар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында беріледі.

"Шағын және орта бизнес – қала экономикасында жетекші орынға ие, жұмыс істейтін 10 алматылықтың 6-уы осы салада істейді. Биылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуір мен қараша аралығында қабылданады, нақты мерзімі мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.

Өтінім 1 сәуірден бастап business.enbek.kz порталы арқылы қабылданып жатыр. Өтінімді қарау мерзімі – 10 жұмыс күні.

Грант алу үшін мыналар қажет:

  • жұмыссыз ретінде тіркелу немесе мерзімі бір жылдан аспайтын жеке кәсіпкерлігі болуы керек;
  • Алматы қаласында тұрақты, уақытша (1 жылдан кем емес) тіркеу қажет;
  • business.enbek.kz порталында тіркелу;
  • бизнес-жоспар.

Гранттарды комиссия шешімі негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы береді. Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
  • өткізу нарықтарының пысықталуы;
  • бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;
  • кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент