10 Қазан 18:44
...

Алматылықтар жылуға 1,5 млрд теңге қарыз

Фото:
Алматылықтар жылуға бір жарым млрд теңге қарыз. Берешегі барлардың қатарында жеке және заңды тұлғалар бар

, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE. Қазір оны қайтару шаралары жүріп жатыр. Дегенмен, қаланың коммуналдық қызметі қысқа толық дайын. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында айтылды. Жаз бойы жылу жүйелеріне жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды. Тиісті мекеме өкілдерінің сөзінше,  жылу беру маусымының сәтті басталуы, үй жайлар мен ғимарат  иелеріне де, тікелей байланысты. Сондай-ақ осы маусымда жылу мен ыстық су бағасы өспейді. Тариф 5 жылға бекітілгендіктен, әзірге баға тұрақты. Ал талап бойынша жылу қалада ауа температурасы 5 күн қатарынан плюс 8 градус болғанда қосылады.

Ғазий Исмухамбетов, "АЛЭС" АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры:

- Жылыту маусымына дайындықты өткен аптада тексеріп көрдік. Бірінші жылу электр орталығы іске қосылды. Біздің отын қорымыз белгіленген мөлшерден жоғары. Газды жеткізу бойынша да келісім-шарттармыз бар. Сондықтан газдан тапшылық болмайды. Мамандар қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттырды. Алматының электр станциялары өз кәсіпорындарындағы негізгі жабдықтарды жөндеуді толық аяқтады. Жылу маусымының басталуына дайынбыз.

Тегтер: