USD
USD
USD

Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған жұрт Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. 

Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.«Тәуелсіздік» монументі алдындағы салтанатты шараға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар гүл шоқтарын желтоқсандықтар, партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері, Ауған соғысының жауынгерлері және Чернобыль қатысушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Nur Otan партиясының жастар қанатының өкілдері қойды.

Іс-шара әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

Айта кетейік, Тәуелсіздік монументі Республика алаңында 1996 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ашылды. Авторлық топтың жетекшісі республиканың еңбек сіңірген сәулетшісі, Шоқан Уәлихановтың ұрпағы Шота Уәлиханов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе