USD
USD
USD

Алматылықтар Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек жинап жатыр

   Алматыда «Жастар рухы» коворкинг орталығында Қостанайдағы тілсіз жаудан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ұйымдастырылып жатыр. 

Алматылықтар Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек жинап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шара ұйымдастырушысы – AMANAT партиясының Алматы қалалық филиалы. Көмек орталығына кәсіпкерлер, қала тұрғындары, қарапайым азаматтар өз үлестерін қосып жатыр. Қант, ұн, күріш, сары май, сабын сынды тұрмыстық қажеттілік тудыратын заттар жиналу үстінде.

«Бүгін таңертеңнен бастап Қостанайға көмек қолын созу мақсатында гуманитарлық пункт ашылды. Еріктілер, тұрғындар, көмектесуге ниетті жастар келіп жатыр. Мұнда азық-түліктен бөлек, жеке гигиеналық заттар әкелгендер бар. Сонымен бірге, құрылыс заттарын да алып келді. Көмектесем деушілер қатары көбейіп келеді», - деді «Жастар рухы» ЖҚ АҚФ төрағасы Әкежан Кеңесов.

Алматылықтар Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге қолдан келген көмектерін көрсетуге даяр.

«Біз отбасымызбен бірге осы бір келеңсіз хабарды естіп, жүрегіміз ауырды. Сол себепті де, аз да болса көмектесуді ойладық. Киім-кешек, азық-түлік сынды түрлі керек-жарақты өткіздік», - дейді Ершат Сәбитов есімді қала тұрғыны.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті