Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз

Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы 601 көшеге жарық тартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қарыздың көп бөлігі ыстық су мен жылу бойынша жиналған. Бүгінгі күні тұрғындар ыстық су, жылу және электр энергиясы үшін шамамен 1,5 млрд теңге қарыз», - деді Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы.

Сонымен қатар Айдар Беркімбаев биыл Алматының 17 шағынауданында 170 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерін салынатынын атап өтті. Сонымен қатар шаһардың 600 көшесіне жарық тарту қарастырылған.

«Биыл Алматыда көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмысы жалғасады. Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы 601 көшеге жарық тартылады», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс