Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматылықтар 16 млрд теңгеден астам жарна аударған

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 91,5 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы мәлімдеді.

Алматылықтар 16 млрд теңгеден астам жарна аударған
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. «Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр. Жинақталған соманың бестен бір бөлігі Алматыға түсіп жатыр. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2020 жылдың 1 қаңтарынан 29-шы мамырына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 16 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 10,9 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары, қалған 5,2 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім шарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер санының да артқаны байқалады. Сәуір айында БЖТ төлеген азаматтар саны 1,8 млн болса, мамыр айында бұл көрсеткіш 2,2 млн адамға жетті. Ал, Алматы қаласы бойынша 2019 жылдың басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 170 мыңға жуық адам 230 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш