USD
USD
USD

Алматылықтар Нұрәлі Әлиевпен бірге таңғы ас ішіп, суға түсе алады

Алматы тұрғындары мен қала қонақтары Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевпен бірге Горельник шатқалына барып, таңғы ас іше алады.

@imnurali/Instagram
Фото: @imnurali/Instagram

Астана, NEGE. Кездесу 25 ақпанға жоспарланған. Қатысушылар шатқалға жиналып, таңғы жаттығу жасайды. Одан кейін суға түсіп, таңғы ас ішіп, өзара танысады. Қатысу тегін.

Барғысы келгендер алдын ала сауалнама толтыруы керек. Онда жұмыс орны мен лауазымы көрсетіледі.

Кездесуді SM's 5 AM Club бірлестігі ұйымдастырып отыр. Бұл – күн сайын ерте тұрып, белсенді өмір салтын ұстанатын адамдарды біріктіретін қауымдастық.

Жуырда миллионер Нұрәлі Әлиев адамзатқа «сана биігіне жетуге» көмектесетін жаңа қозғалыс құрып, елді таңғалдырған еді. Қазір ол өзін тек кәсіпкер ғана емес, рухани бағыт-бағдар беруші тұлға ретінде де танытып жүр. Нұрсұлтан Назарбаевтің жиені бұл өзгерісті жақын адамынан айырылғаннан кейінгі толғаныстарымен байланыстыратынын айтып түсіндірді.

Forbes журналы құрастырған Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері тізімінде Нұрәлі Әлиев 39-орында тұр. Оның байлығы 289 миллион доллар деп бағаланған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс