USD
USD
USD

Алматылық студент 7-қабаттан құлап кете жаздаған сәбиді құтқарып қалды

Алматыда 19 жастағы студент «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешенінің 7-қабатынан құлап бара жатқан екі жасар баланы аман алып қалды.

Алматылық студент 7-қабаттан құлап кете жаздаған сәбиді құтқарып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 67 жастағы Ермекбай Тамабаев хабарласып, 7-қабаттан құлап кете жаздаған баланы ғажайып құтқару оқиғасының қатысушысы әрі куәгері болғанын айтты.

Оқиға, «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешенінің көпқабатты тұрғын үй кешенінің ішінде болған.

"Бала құлап кеткен жағдайда жерден жұмсақ затпен қағып алу үшін кіреберістің қалқасына шығуды өтіндім. Бір жас жігіт айтқанымды тыңдап, дереу көмекке ұмтылды. Бар күшін салып, терезе торында ілулі тұрған кішкентай баланы соңғы сәтте аман алып қалып, анасына тапсырды", - дейді оқиға куәгері Ермекбай Тамабаев.

Оқиға "Алтынбұлақ" тұрғын үй кешенінде болғаны хабарланды. Ер адам баланың 7-қабаттағы өрт сөндіру сатысының қоршауында тұрып қалғанын көрген.

"Басы темір тордың арасына кептеліп, денесі мен қолдары ауада салбырап тұрды. Оның төменге құлап кетуі мүмкін еді", - деді Тамабаев.

Құтқарушы Абай атындағы педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің 19 жастағы студенті Махмұд Ерасыл екені атап өтілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы марапаттау туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне ұсыныс енгізді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу