USD
USD
USD

Алматылық полицейлер қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан

Алматының бұрынғы және қызметтегі полицейлері қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан. Бұл туралы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов мәлімдеді.

Алматылық полицейлер қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Алматы полиция департаментінің жұмыс істеп жүрген және бұрынғы қызметкерлері қатысқан қылмыстық топ ұсталды, олар азаматтық тұлғалардың жәрдемімен ведомстволық ақпараттық базаларды сату бойынша бизнес жасаған. Дербес деректер үшінші тұлғалардың қолына тап болған", - деп хабарлады ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов.

Оның айтуынша, "бизнеске" екі қызметтегі, үш бұрынғы полицей және бір азаматтық тұлға қатысты. Барлығы сотталды.

"Олардың тікелей басшылары атқарып отырған лауазымдарынан босатылып, қатаң тәртіптік жауапқа тартылды", - деп қосты Саданов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза