USD
USD
USD

Алматылық оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды?

Алматы мектептері қайтадан қашықтан білім беруге көшеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Алматылық оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, мектеп пен балабақшадағы балалар арасында вирус жұқтыру жағдайы күрт өскен.

«Биыл мектепке дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру екі есе көбейді, оған қоса оқушылардың да індет жұқтыруы жоғары. Мутациядан өткен штамдар кішкентай балаларға да әсерін тигізуде. Былтыр 281 оқушы ауырса, биылғы жылдың үш айында 1 468 бала вирус жұқтырған. Сол себепті осы жолы қатаң шектеу шараларын енгіздік», - дейді Жандарбек Бекшин. Сондай-ақ ол қаладағы барлық мектептер қашықтан білім беруге көшетінін, тек кезекші топтарда ғана дәстүрлі форматты білім алатынын айтты.

«Ата-аналардың өтініші бойынша кезекші топтар ашылады. Ондағы оқушылар саны 15 баладан аспауы қажет. Бұл 1-5 сыныптар және халықаралық деңгейде оқитын мектептердегі 1-7 сыныптарға қатысты. Сонымен қатар, мектепті бітіретін 9 бен 11 (12) сыныптарда да кезекті топ ашылады», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер