USD
USD
USD

Алматылық оқушылар науқасқа диагностика жасайтын қосымша әзірледі

Алматылық оқушылар сырқатқа диагностика жасайтын қосымша әзірледі. Жасанды интеллект платформасы сырқатқа диагностика жасап, тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматылық оқушылар науқасқа диагностика жасайтын қосымша әзірледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жас өнертапқыштардың айтуынша, dAIgnosis қосымшасы медициналық оқу орындарының студенттеріне көмекке арналған.

"Біз сырқатты нақты белгілермен анықтауды жасанды интеллектке нөлден бастап үйреттік немесе томография немесе рентген арқылы біледі. Сонымен бірге жасанды интеллект адамның медициналық тарихын ескере отырып, дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Біз медицина саласының студенттерімен де кездестік, олардың біздің өнімге деген қызығушылығы бар. Ең маңыздысы біздің қосымшаны тек медициналық білімі бар адамдар ғана қолданғаны дұрыс", - дейді Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Артур Кнабик.

Бір күн бұрын республикалық физика-математика мектебінің оқушылары миллион теңге ұтып алды. Оны өз қосымшаларын дамытуға жұмсамақшы. Жас өнертапқыштар енді медицина университеттері мен колледждерге барып, өз жұмыстарын көрсетуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.