USD
USD
USD

Алматылық оқушылар NASA ұсынған Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Алматыдағы физика математика-бағытындағы NIS оқушылары Рамазан Әміре мен Сымбат Барсағазы дайындаған «Aenoica» жобасы әлемнің үздік зымыран құрастырушыларының арасынан топ жарып, үздік атанды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Алматылық оқушылар NASA ұсынған Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоба кураторы, 11 сынып оқушысы Райымбек Әбілбектің айтуынша, идея жаңа технологияларды енгізуге негізделген.

«Біз 300 мың тұрғынның үйіне айналатын станция құрып қана қоймай, кванттық коммуникацияларды, технологиялық дамыған агрокультураны пайдалана отырып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін құрдық. Біздің жоба үздіктер қатарына енгеніне қуаныштымын», - деді Райымбек.

Ғарыштық қоныстар - бұл АҚШ-тың NASA ұйымдастырған 7-12 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі байқау. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен оқушылар мен студенттер қатысып, еркін ғарыштық қоныс тұжырымдамасын әзірлеу үшін жұмыс істейді. Биыл байқауға әлем бойынша 30 мыңға жуық оқушы қатысып, алматылық оқушылар бірінші орынды иеленді.

Қазір оқып жатыр

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov