USD
USD
USD

Алматылық құтқарушылар туристерді әзірге тауға шықпауға шақырды

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті туристерді тауға барудан бас тартуға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматылық құтқарушылар туристерді әзірге тауға шықпауға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық ТЖД "Қазгидрометтің" дауылды ескертулері негізінде 8- 12 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты, қар көшкіні қауіпі сақталатынын хабарлады.

"Сондай-ақ, 8 сәуірде тауларда қатты жауын шашын, батыстан екпіні секундына 17-22 метр жел соғады. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығудан және тауға барудан бас тартқан дұрыс", - деп хабарлады ведомствода.

Сондай-ақ ведомствода егер тауда көмек қажет болған жағдайда 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 ( "ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағы "ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалу қажет екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе