USD
USD
USD

Алматылық балалар оқу жылына дайын ба?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир арқылы жаңа оқу жылына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты.

Алматылық балалар оқу жылына дайын ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Оқу жылының соңында қашықтан оқу форматына көшкенде дайындықтың жоқтығы белгілі болды. Алайда қысқа уақытта телеарна мен интернет арқылы түрлі бағдарламалар, онлайн курстар жасақталды. Осы тәжірибені ескере отырып, біз келер оқу жылына дайын екендігімізді айтқым келеді», – деді әкім.

Қала басшысының айтуынша, 53 мың баланың компьютерлік техникасы жоқ.

«Біз былтырғы оқы жылында ата-аналардың смартфонын қолдануға рұқсат беріп амалдадық. Алайда, кішкентай балаларға смартфон арқылы оқу қолайсыз. Сондықтан, 22 мың планшет сатып аламыз. Оларды мұқтаж отбасыларға таратамыз. Тағы 5 мың планшет мектеп қорлары арқылы алынады. Қалған балаларға мектеп қорына арнап ноутбук сатып алып, уақытша пайдалануға беріп отырамыз», - деді әкім.

Әкім, сондай-ақ, Алматыдағы ғаламтор жағдайының шешілетінін де тілге тиек етті.

«Былтыр Думан және Қайрат шағын аудандарында ғаламтор желісі жақсы ұстамайтынын түсіндік. Қала бойынша 69 нүктені аралап, қай жерде желі нашар екендігін анықтадық. Қазір осы бағытта тиісті министрлікпен бірге жұмыс жүріп жатыр. Қаланың барлық аудандарында интернет жылдамдығы 7 мегабит болуы тиіс. Бұл жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау керек», – деді әкім.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.