Алматылық атқыш Игорь Дужновтың қазіргі жағдайы айтылды
Адвокат Дамир Хасанов бес адамды өлтірді деп айыпталған алматылық атқыш Игорь Дужновтың жағдайы туралы айтты.
Алматы, NEGE. Адвокаттың айтуынша, ол бюджет қаражаты есебінен Дужновтың мүддесін қорғайды. Яғни, мемлекет күдіктіге адвокат тағайындаған.
"Менің клиентім аман-сау, ол ештеңеге шағымданбайды. Оның денсаулығы қалыпты, уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Сот шешімі шыққанша, 72 сағатқа қамауға алынды. Сот бұлтартпау шарасын қабылдау тиіс. Тергеу соты онлайн режимде тұтқындалғаннан кейін 72 сағат ішінде өтеді. Қазір тергеу құпия түрде жүргізіліп, салдары анықталып жатыр. Біз өз ұстанымымызды дәлелдейміз, болды", - деді Хасанов.
Дужнов бұл қылмысты ессіз күйде жасады ма деген сұраққа адвокат тергеу құпиясына сілтеп, жауап бермеді. Сондай-ақ, Хасанов алматылық атқыш кінәсін мойындап-мойындамағанын да айтпады.
"Егер туыстары басқа адвокат жалдаса, бұл істен бірден бас тартамын. Оны басқа адвокат қорғайды. Егер туыстары басқа адвокат алмаса, онда мен Дужновтың ісін жүргіземін", - деді адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Ол сот шешімін орындауға келген адамдарға оқ жаудырды. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.
Қазір оқып жатыр
Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады
Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен
Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты