USD
USD
USD

Алматылық оқушылар Үндістанда өткен робототехника бойынша халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы 220 команда бақ сынасқан «The Goa International Robotics Festival» халықаралық ашық чемпионатына қатысты.

Робототехника
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматыдан барған «Sana Тeam» және «Qazaq style» құрама командалары екі жоғары наградамен марапатталды.

12 жастан 18 жасқа дейінгі FIRST Tech Challenge санаты бойынша:

– 1 орын «Motivate award» - Sana Тeam командасы, Алматы қаласының «Білім-инновация» лицейі (БИЛ);

– 1 орын «Inspire award» - «Qazaq style» құрама командасы, Алматы қаласының №124, №81, №178, №206, №200 мектептері.

Жарысқа қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан, қазақстандық оқушылар жоғары кәсіби деңгейін көрсетті.

Жас өнертапқыштар бәйгесіне жолдаманы былтыр желтоқсанда оқушылар Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Almaty Tech Cup» республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana