USD
USD
USD

Алматылық кәсіпкер мемлекеттік инспекторды соққыға жықты

Алматыда қалалық жер ресурстарын басқару департаментінің мемлекеттік инспекторына пышақпен шабуыл жасалды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

АШМ
Фото: АШМ

Алматы, NEGE. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы маусым айында департаментке келіп түскен өтініш негізінде кәсіпкерге қатысты Жер заңнамасының сақталуына тексеру жұмыстары басталған.

«Тексеру барысында кәсіпкер А. құжатсыз учаскеде сауда павильонын орнатып, жалпы ауданы 0,0012 га мемлекеттік меншік жерін өз бетінше иеленгені анықталды. Оның негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабы бойынша шара қабылданды және 21 маусымда осы павильонды бір айлық орындау мерзімімен бұзу жөнінде нұсқама берілген болатын», — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Бұйрықты орындаудан бастартқан кәсіпкер департамент инспекторына пышақпен шабуыл жасаған.

«Қазіргі таңда қызметкер медициналық мекемеге жатқызылды. Жәбірленушіде пышақ жарақаттары жоқ, мұрны сынған, көз айналысына зиян келген», — деп атап өтті ведомстводан.

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын жеткізді.

«Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық қару тәркіленді. Басқа да мән-жай анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы