USD
USD
USD

Алматылық еріктілер 10 мыңға жуық есірткі жарнамасын жоюға көмектесті

Алматылық еріктілер 10 мыңға жуық есірткі жарнамасын жоюға көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.

күрес
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы, NEGE. Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері 624 есірткі қылмысы ашылған. Заңсыз айналымнан 405 келіден астам есірткі, оның ішінде "синтетика" есірткі заттары тәркіленді.

Жалпы жедел-іздестіру шараларымен қатар нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Алматыда жыл басынан бері нашақорлыққа қарсы 585 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Бұл мәселеде еріктілер бізге жан-жақты көмек көрсетуде. Олардың белсенді атсалысуымен есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 9 мың 908 граффити суреті табылып, үстін бояп тастау арқылы жойылды. Есірткі саудасын насихаттаған 31 "суретші" ұсталды. Сонымен қатар есірткіні таратумен және жарнамалаумен айналысатын 450 интернет-ресурс бұғатталды, – дейді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сондай-ақ спикер биыл қалада 19 есірткі зертханасының жойылғанын, 88 есірткі бетбелгісін қоюшылардың ұсталғанын, 2 есірткі қоймасының жолы кесілгенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала