USD
USD
USD

Екі қария емшіге барып, ауруын асқындырып алған

Нейрохирург дәрігерлер екі қарт әжейді сал болып қалудан құтқарып қалды, деп хабарлады Egemen.kz.

Алаяқтық
Фото: egemen.kz

Алматы,NEGE. Қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдегендей, екі зейнеткер орталық қалалық клиникалық ауруханаға бірдей диагнозбен жүгінген. Яғни, жұлын каналындағы жүйке тінінің ісігі.

Науқастардың айтуынша, олар жасына және басқа да ілеспе ауруларына байланысты ота жасатуға қорқып, емшілерден шипа іздеген. Бірақ жағдайы нашарлап, дәрігерге келген.

«Отаның қиындығы — ісіктің жұлынның сыртында емес ішінде орналасуында болды. Жұлынның өзіне зақым келтіру қаупі жоғары еді. Құдайға шүкір, екі операция да сәтті өтті және әрқайсы шамамен 3,5 сағатқа созылды. Бұл оталарды жасау барысында біз өз қозғалысымызды бақылау және жұлынның сау бөліктерінің зақымдануын болдырмау үшін нейромониторлар мен нейронавигациялық жүйені қолдандық», дейді ОҚКА нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов.

Отадан кейінгі кезеңде науқастар стационарда оңалтудан өтті, нәтижесінде 12 күн ішінде аяқтың неврологиялық бұзылысының регрессиясы 80%-ға дейін жетті.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

.

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша