USD
USD
USD

Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады

Алматы-Қорғас тас жолында 17 көлік апатқа ұшырады. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады.

Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы ірі жол апаты орын алған тас жолдың видеосы жарияланып жатыр.

Аймақ полициясының хабарлауынша, жол апаты Алматы-Қорғас автожолының 134-ші шақырымында сағат 10:00 шамасында болған.

"Ауа райының қолайсыздығынан17 автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті, олар Шелек ауылындағы облыстық ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметі жұмысын жалғастыруда. 84-тен 136-шы шақырымға дейінгі жол бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылды", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Алматы облысының полицейлері азаматтарға жүгінді.

“Құрметті жүргізушілер, сіздерден қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуларыңызды сұраймыз! Жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтаңыздар!” - деді полицияда.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID