USD
USD
USD

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты бойынша үкім шықты. Апат салдарынан бір отбасының үш ересек адамы қаза тауып, үш бала түрлі дене жарақатын алған еді. Сот үкімімен мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты
Фото: Алматы облыстық полиция департаменті

Астана, NEGE. Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігімен айыпталған Ж.-ға қатысты іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Бұл бап алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп, жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза болуына әкеп соққан әрекет үшін жауапкершілікті көздейді.

Сот ақпаратынша, биыл 23 маусымда сотталушы Ж. алкогольді масаң күйде HAVAL M6 маркалы автокөлігімен Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданын аумағындағы Алматы – Шелек – Қорғас тас жолының 132-шақырымында қарама-қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан AUDI автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алған.

«Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеріп, Ж.-ға аталған баптың санкциясы бойынша ең жоғарғы жаза – көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», – делінген сот хабарламасында.

Бұған қоса, сотталушыдан 29 млн теңге көлемінде моральдық зиян және 1 799 089 теңге мүліктік шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін жол апатынан қаза болған отбасы туыстарының желіде жариялаған жазбасында оқиға болған кезде рөлде мас күйдегі құқық қорғау органы қызметкері отырғаны айтылған еді. Алайда бұл ақпаратты полиция қызметі ресми түрде растаған жоқ. 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu