USD
USD
USD

Алматыға «Спутник Лайт» келді

Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына "Спутник Лайт" вакцинасының 12 000 дозасы келді. Препарат ревакцинацияға арналған, – деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті. 

Алматыға «Спутник Лайт» келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вакцина халыққа 24 қаңтардан бастап қаланың барлық емханасында қолжетімді болады.

Сонымен қатар, ревакцинация толық екпе алғаннан кейін кемі 6 айдан соң ғана жүргізілетіні жазылған.

"Спутник Лайт" - векторлық вакцина, оның құрамы "Спутник V" препоратының бірінші компонентіне ұқсас.

Қазіргі уақытта Алматыда ревакцинация үшін QazVac, Vero Cell және жаңадан келген "Спутник Лайт" вакциналары қолжетімді. Ал Pfizer өзінің контингентіне, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлеріне салынады. 

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Pfizer компаниясы Қазақстанда ақылы вакцинация үшін өз препаратын ұсынбайтынын мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино

ORDA желілік басылымы 1 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатпақ

Orda.kz