USD
USD
USD

Алматыға коронавирус келсе не болады?

Алматыда өткен қоғамдық кеңес отырысында қала әкімінің орынбасары, штаб басшысы Ержан Бабақұмаров коронавирус жұқпасы Алматыға келген жағдайдағы «Б» жоспарымен бөлісті.

Алматыға коронавирус келсе не болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жергілікті масштабта Төтенше жағдай жарияланады. Халықты құлағдар ету үшін ахуал орталығы, сайт ашылады. Колл-орталық жұмыс істейді. Басында айтылған 3 санаттағы адамдармен жұмыс істеу үшін медицина мамандарын жұмылдыру қолға алынады. Одан бөлек үйлерде карантин бекітіледі. Адам қайтыс болған жағдайда оны жерлеу мәселесі де ерекше режімде ұйымдастырылады. Қоғамдық көлік жұмысы қайта қаралып, жұқпалы аурулардан зарарсыздандыру жүйесі орнатылады. Адам көп шоғырланған қоғамдық орындар мұқият тазаланады. ПИК жұмысы қайта үйлестіріледі», – деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, Алматыда азық-түлік пен дәрі-дәрмекті үздіксіз жеткізу қолға алынады. Айта кету керек, Алматыда коронавирус инфекциясы зертханалық тестілеуде бір де бір адамнан табылмады.

Қазір оқып жатыр

Сайлаушылардың 45 пайыздан астамы мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Сайлау

Тоқаев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Тоқаев

Бейнеу ауданының ең жас мектеп директоры сайлауда дауыс берді

Балуанияз Демеуов

Хакерлер BilimClass платформасындағы пән атауларын өзгерткен

Смартфон