USD
USD
USD

Алматыға кіріп-шығуға шектеу қойыла ма?

Алматы әкімдігі ел арасында тараған ақпаратқа жауап берді.

Алматыға кіріп-шығуға шектеу қойыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, соңғы күндері түрлі мессенжерде «Алматыға кіріп-шығуға тыйым салынады» деген сыңайда хабар тараған еді.

«Алматыда карантиннің күшеюіне байланысты қайтадан блокпост қойылып, көлік қозғалысына шектеу қойылады деген ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Мұндай сенімсіз ақпараттарға сенбеңіздер. Барлық шынайы ақпарат қала әкімдігінің сайты секілді ресми ақпарат көзінде жарияланады» деп мәлім етті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда да 19 маусымнан бастап көлік қозғалысы тоқтап, қала жабылатыны туралы мәлімет тараған еді. Оны шаһар басшылығы жоққа шығарған.

Еске сала кетейік, 11 маусымда әлеуметтік желілерде Алматы облысында қайтадан блокпостар қойылатыны туралы хабар шықты. Осы орайда Алматы облысы және Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту