USD
USD
USD

Алматыға кіреберіске 12 бекет қойылды

Алматы қаласының кіреберістеріде бас-аяғы 12 бекет қойылды. Бекеттер 22 шілдеге дейін тұрады. Бұл туралы «Хабар24» хабарлады.

Алматыға кіреберіске 12 бекет қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл шара Құрбан айт кезінде Алматыға қой алып кірмеу үшін жасалған. Құрбандықты qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалуға болады. Алматы мешіттерінің өкілдері тапсырыс берушінің атынан дұға жасап, етті жағдайы нашар адамдарға таратып береді.  

«Пандемия біздің өмірімізге қалай әсер етсе де, меніңше, онлайн құрбан шалу – ең дұрыс шешім. Біріншіден, тапсырыс беруші уақыт өлтірмейді, денсаулығын сақтап, үйде отырады. Ал етті жағдайы нашар адамдарға еріктілер жеткізеді», – дейді Алматының бас имамы Төлеби Оспан. 

Бірнеше сағат ішінде Алматы орталық мешітінің еріктілері 400 отбасына ет жеткізген. 

«Бәрі карантин шарасының аясында: қасапшылар маска таққан, пышақ пен басқа да құралдар әр бес минут сайын дезинфекцияланады. Онлайн құрбан шалуға 784 өтініш келіп түсті. Мешіт өкілдері мен еріктілер олардың бәрін үш күн ішінде жеткізуге тырысады», – деді қасапшы Асан Әбиев.  

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала