USD
USD
USD

Алматыға Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин келді

Мишустин Алматыға 2 ақпанда өтетін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары – Еуразиялық үкіметаралық кеңеске мүше мемлекеттердің басшылары қатысатын Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін келді.

Михаил Мишустин Алматыда
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Михаил Мишустинді Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің басшысы Бақытжан Бөлегенов, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин қарсы алды. 

Ресей үкіметінің басшысы Digital Almaty 2024 халықаралық цифрлық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

Сонымен қатар, Мишустиннің Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен және Қырғызстан Премьер-Министрі Ақылбек Жапаровпен келіссөздері жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай