USD
USD
USD

Алматыға «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалауға шетелден 4–5 мыңға жуық жанкүйер келеді

Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін шетелден 4–5 мыңға жуық жанкүйер келеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов хабарлады.

«Қайрат» – «Реал Мадрид»
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, Қазақстан жанкүйерлерді қабылдауға толық дайын. Алматыдағы Орталық стадион УЕФА-ның 4-санат талабына сай, ал қаланың инфрақұрылымы мұндай деңгейдегі шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Ербол Мырзабосынов бұл матч елдегі спорт туризмі үшін тарихи маңызы бар шара екенін атап өтті.

Сондай-ақ, әлемнің ең атақты командаларының бірі саналатын «Реалдың» сапары Алматы экономикасына оң ықпал етіп, қонақүйлер, мейрамханалар мен туристік қызметтердің дамуына серпін беретінін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы