USD
USD
USD

Алматыға 2,3 млн турист келді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды.

Алматы туризм
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының Алматы қаласын дамыту және мегаполис экономикасын әртараптандыру мақсатында туристік әлеуетті тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындауға ерекше назар аударылды.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, өткен жылы Алматының туристік саласы қарқынды өсім көрсетті. 2024 жылы туристердің жалпы саны 14,8%-ға өсіп, 2,3 млн туристті құрады.

«Шетелдік туристер саны 27%-ға артып, 680 мыңнан астам адамға жетті. Ішкі туристер саны 10,4%-ға артып, 1,6 млн адамнан асты. Нәтижесінде көрсетілген туристік қызметтер көлемі 30%-ға өсіп, 96,3 млрд теңгені құрады. Алматыға Үндістан, Қытай, АҚШ, Түркия, Оңтүстік Кореядан туристер келеді»,

— деді Ерболат Досаев. Оның айтуынша, туризмді дамыту инвестициялардың өсуін ынталандырды: саланың негізгі капиталына 110,9 млрд теңге салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артық.

Туризмнен түсетін салық түсімдері 92,1%-ға өсті. Туристік салада 83,5 мың адам жұмыспен қамтылған, орташа жалақы көлемі 480 мың теңге болды. 2025 жылы шетелдік туристер саны 10%-ға артып, 750 мың адамға дейін өседі деп күтілуде. 

Қазір оқып жатыр

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

панда

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды

Нұрымбет Сақтағанов

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Өскемендегі жарылыс

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Алматы әуежайы