USD
USD
USD

Алматыға 2022 жылдан бері 6,2 млн турист келді

Соңғы үш жылда Алматыда туризм қарқынды дамып, 91,8% өсім көрсетті.Шетелдік туристер саны 4,2 есе, ал ішкі туристер саны 56,3%-ға артты.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Саладан түскен салық түсімі үш есеге көбейді.

2022 жылдан бері қалада 5972 нөмірлік қоры бар 43 қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр, 26 туристік жоба жүзеге асуда, оның ішінде 7 жоба 2025 жылы аяқталады.

Таулы аймақта 1000 шақырымнан астам маршрут цифрландырылды, 750 шақырымнан астам жол көркейтілді, 13 кемпинг аймағы құрылды.

Алматы әлемдік туристік бағыт ретінде танылып отыр: The New York Times басылымының «Баруға лайық 52 орын» тізіміне енді, Wanderlust журналының TOP-24 туристік бағыт қатарына кірді, ал Шымбұлақ курорты мен Oi-Qaragai ТМД-да үздік деп танылып, туризмдегі инновациялары үшін марапатқа ие болды.

Қала 2025 жылы 2,5 миллион турист тартуды көздеп отыр. Қонақтардың қанағаттану индексі 67,5%, бұл қызмет көрсету сапасының артқанын көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы