USD
USD
USD

Алматыдан Ұланбатырға әуе рейсі ашылды

Алматы қаласынан Моңғолия астанасына тікелей әуе рейсі ашылды.

Алматыдан Ұланбатырға әуе рейсі ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Үкіметінің Атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және «Хунну эйр» әуе компаниясының басшылығымен бірге аталған компанияның «Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр» бағытындағы әуе қатынасын ашуға арналған баспасөз конференциясына қатысты.

Елші өз сөзінде Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтап, 2019 жылғы 10 қазанда Нұр-Сұлтанда өткен ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Моңғолия Премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсухтың арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген осы бағыт бойынша әуе қатынасын ашу жөніндегі уағдаластықтың толық орындалғанын атап өтті. Аталған жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні айтылды.

Бүгін «Хунну эйр» әуе компаниясының ұшағы «Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр» бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады. Covid-19 салдарынан туындаған әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін ұшудың нақты жиілігі белгіленеді.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті