21 Қараша 09:17
...

Алматыдан Тұздыбастау ауылына қатынайтын тағы бір автобус бағыты ашылды

Фото:

21 қараша күні №232 қала маңына қатынайтын жаңа бағыт ашылды. Бұл туралы Алматының қалалық мобилділік басқармасы хабарлады.

Алматы, NEGE. Бұл бағыт Тұздыбастау ауылынан («Сұлтан» кешені) «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін жүреді. Маршруттағы автобус саны 7, қозғалыс аралығы 20 минут.

Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады. Бұған дейін 7 маршрут ашылды, қалған екеуі бағыт әзірленіп жатыр.

Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді.

Тегтер: